Лондондағы лаңкестікке қатысты 18 жастағы күдіктінің тұтқындалғанын хабарланды, деп хабарлайды 24.kz.
Британдық тәртіп сақшылары оны Дувр ауданында қолға түсірген. Қазір күдікті жергілікті полицей бөлімшесінде тергеліп жатыр. Әзірге істің жай-жапсары жарияланған жоқ. Дегенмен билік тұрғындарды сақ жүруге шақырды.
Естеріңізге сала кетейік, таяуда Лондонның Парсонс Гринс метросында жарылыс болған еді. Соңғы деректер бойынша, 29 адам жараланып, көбінің денесін күйік шалған. Жарылысты "Ирак және Левант" лаңкестік тобы мойнына алды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу