Дәулет Шабанбай – еркін күрестен Азия чемпионатының төрт дүркін (2008, 2009, 2011, 2014) қола және Азия ойындарының күміс жүлдегері. Биыл қыркүйек айында допингке қарсы тексерістер және Грузия мен Өзбекстан спортшылары нәтижелері есепке алынбағанынан кейін жерлесіміз Лондонғы 2012 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері атанды. Спортшы мансабын аяқтағаннан соң палуан жаттықтырушы болмақ.
"Басты мақсат – жастарға тәжірибем мен еңбексүйгіштік қасиеттерді жеткізе білу. Еңбек бәрін де жеңбек. Қазақстан спортының туы биікте желбірей берсін", – деді Дәулет Шабанбай.
Өңір басшысы Олимпиада жүлдегерінің спортты дамытудағы еңбегін жоғары бағалап, Павлодардағы бір бөлмелі пәтер кілтін табыстады.
"Облыс тұрғындары сіздің жетістігіңізбен мақтанады. Өскелең ұрпақ үшін үлгісіз. Жиған тәжірибеңіз бен шеберлігіңізді жас спортшыларға дарыта білуге керек. Шын жүректен, ісіңізге сәттілік тілеймін", – деді Әбілқайыр Сқақов.