Лондон полициясы түрмеден қашып кеткен бұрынғы әскери қызметкерді іздестіріп жатыр

Ол үшін қаладағы Ричмонд саябағын жауып тастады.

Лондон полициясы түрмеден қашып кеткен бұрынғы әскери қызметкерді іздестіріп жатыр Фото: zerkalo

Британ полициясы Лондондағы Ричмонд саябағын жауып, түрмеден қашып кеткен және терроризмге қатысы бар деп айыпталған әскери қызметкер Дэниел Абед Халифаны іздеп жатыр, деп хабарлады жұма күні Sky News.

Қазір полицейлер саябақты жауып, Халифаны іздеуге кірісті. Қызметкерлер саябаққа шығатын және кіреберістерде кезекшілікте, екі тікұшақ та аумақты патрульдеуде.

Ричмонд саябағы Лондонның оңтүстік-батысында орналасқан және Ұлыбритания астанасындағы ең үлкен корольдік саябақ болып табылады. Оның ауданы 955 гектарды құрайды.

Халиф 6 қыркүйек күні таңертең қаладағы ең үлкен түрме Уандсворттан қашып кетті. 21 жастағы бұрынғы сарбаз ас үйде жұмыс істеп жатқан кезде түрмеден шығып бара жатқан азық-түлік таситын көлікке жасырынып, қашып кеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу