Лондон Украинаның НАТО-ға қосылмауын қолдайды

1440

Ұлыбритания Қорғаныс министрлігі басшысының орынбасары кез-келген дипломатиялық шешім Украинаның егемендігіне қауіп төндірмеуі керек екенін мәлім етті.

Лондон Украинаның НАТО-ға қосылмауын қолдайды Фото: ria.ru

Украина НАТО-ға кіруден бас тартса, Ұлыбритания бұл шешімді қолдайтынын білдірді. Ұлыбританияның Қорғаныс министрлігі басшысының орынбасары Джеймс Хиппи осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұған дейін Украинаның Ұлыбританиядағы елшісі Вадим Пристайко Киев "соғысты болдырмау" үшін НАТО-ға кіруден бас тартуы мүмкін екенін айтты. Кейін Украина СІМ бұл сөзді жоққа шығарды.

Хиппидің айтуынша, кез-келген дипломатиялық шешім Украинаның егемендігіне қауіп төндірмеуі керек.

"Бірақ егер Украина НАТО-ға мүше болмаймын деп шешсе, біз оны қолдаймыз. Шешімді Украина үкіметі қабылдауы керек", – деді ведомство өкілі. 

Украинаның Жоғарғы Радасы 2014 жылдың желтоқсанында екі заңға өзгерістер енгізіп, елдің блоктан тыс болуына қатысты мәртебеден бас тартты. 2019 жылдың ақпан айында ел парламенті Конституцияға қайтадан өзгерістер енгізіп, елдің ЕО мен НАТО-ға ұмтылу туралы бағытын бекітті.

Соңғы уақытта Ресей мен Батыс елдері арасындағы қарым-қатынас шиеленісуде. Вашингтон мен Брюссель Ресей Украинаға басып кірмек деген айып тақты. Ресми Мәскеу бұл айыпты жоққа шығарып, Украинаға қатысты мұндай қадамға бармайтынын мәлімдеді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу