Салтанатты шараға жиналған әлемдік заң компанияларының өкілдері орталықтың ерекше мүмкіндіктері мен артықшылықтарын талқылады.
"Астана" халықаралық қаржы орталығына тиесілі төрелік орталығы ресми түрде өз жұмысын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастады. Ол азаматтық және коммерциялық дауларды шешу бойынша халықаралық стандарттарға сай жұмыс істеп келеді.
"Лондонда алғаш рет өткізіліп отырған шара төрелік орталығының табысты болуы үшін еңбек етіп жатқандарға ұйымдастырылды. Олар әлемнің түкпір-түкпірінен жиналды. Олардың барлығы таза ниетпен және шынайы түрде жетістікке жетуге мүдделі", - деді "Астана" ХҚО ХТО төрағасы Барбара Доман.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу