Лондонда "Бөрте" туралы пьесаның таныстырылымы өтті

551

Жазушы-драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат Исабековтің Шыңғысханның жары Бөртеге арналған пьесасының әлемдік тұсаукесері Лондонда өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz Қазақстан елшілігінің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

Лондонда "Бөрте" туралы пьесаның таныстырылымы өтті Фото: www.facebook.com/KazakhEmbassyUK

Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен, Еуразиялық шығармашылық гильдиясының (Лондон) қолдауымен "Бөрте, әлем патшайымы" қойылымының халықаралық таныстырылымы болды. Спектакль алдағы желтоқсанда Мельбурн қаласында (Австралия) көрсетіледі, ал келесі жылы ұйымдастырушылар труппаның бұл спектакльымен Ұлыбритания мен АҚШ-қа гастрольдік сапарын жоспарлап отыр.

"Дулат Исабеков қазақ әдебиетінің ақиық классигі саналады, оның пьесалары Еуропа мен Азияда әлемнің көптеген тілдерінде қойылып, ал кітаптары жарты ғасырдан астам уақыт бойы сыншылар мен оқырмандардың мойындауына ие болуда.

Ғаламды дүрліктірген Шыңғыс ханның өмірінде үлкен рөл атқарған дана әйел Бөрте туралы осы қойылымда оның қиын өмірі мен ұлы жаулаушының тағдырындағы шешуші рөлі баяндалады", – деп жазылған елшілік хабарламасында.

 

Спектакльді классикалық пьесаны музыкалық фрагменттері бар спектакльге айналдырған әйгілі австралиялық режиссер әрі композитор Уоррен Уиллс қоюда. Мельбурндағы қойылымға көрнекті австралиялық мәдениет және өнер қайраткерлері, сондай-ақ әлеуметтік инклюзивті жас әлем хоры қатысады.

Жоба Еуразия кеңістігіндегі халықтардың ұлттық мәдениетін ілгерілету мақсатын көздейтін британдық қоғамдық ұйым болып табылатын Еуразиялық шығармашылық гильдияның бастамасымен қолға алынды. Аталған ұйым 2015 жылдан бері әлемнің көптеген елдерінде халықаралық жобаларды сәтті жүзеге асырып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу