Лондонда қаржы көлемін қысқарту жоспарына қарсы шеру өтті

857

Лондонда қаржы көлемін қысқарту жоспарына қарсы шеру өтті

Ұлыбритания астанасы Лондонда жүздеген мың адам үкіметтің денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы көлемін қысқарту жоспарына қарсылық білдіріп, наразылық шеруіне шықты. Шаһардың басты көшесінде ұрандатқандар шеруді парламент алдында да жалғастырды, деп хабарлайды 24Хабар.

Ереуілге шыққандар қаржыландыруды азайту салдарынан тұрғындар дәрігерлік көмекті жеткілікті дәрежеде ала алмай қалады деп байбалам салып жатыр. Ал билік 2020 жылға дейін ел бюджетінің шығынын 3 жарым миллиард фунт стерлингке қысқартуды жоспарлап отыр. Тап қазіргі таңда елдегі 154 аурухананың 143-і 85%-ға дейін лық толып, мамандар жетіспей, медициналық көмектің сапасы төмендеп барады

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу