Лондонда Қазақстан азаматына адам өлтірді деген айып тағылды

281

Ұлыбритания полициясы Қазақстан азаматы Баймолда Бейбітті кісі өлтірді деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Лондонда Қазақстан азаматына адам өлтірді деген айып тағылды Фото: Stefan Rousseau

Лондон полициясының мәліметінше, 30.12.1986 жылы туған Баймолда Бейбітке 7 мамырда кісі өлтірді деген айып тағылған. Ол 8 мамырда Темза Магистратура сотына келді.

6 мамыр күні кешкі сағат 21:00 шамасында Лондондағы аудандардың бірінде 42 жастағы ер адамның денесі табылған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жеткен. Ажал құшқан адамның денесінде пышақ жарақаттары бары анықталған. 

"Оқиға орнында кісі өлтірді деген күдікпен Бейбіт пен 33 жастағы әйел ұсталды. Бейбітке жоғарыда көрсетілген айып тағылды. 33 жастағы әйел тергеу шаралары аяқталғанға дейін босатылды", - деді Лондон полициясы. 

Мәліметтерге сәйкес, Баймолда Бейбіт Қазақстаннан Ұлыбританияға 2023 жылдың мамыр айында 6 айға маусымдық жұмыс визасымен келген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу