Лондонда қазақстандық студенттер үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

1045

Жәрмеңкеге Ұлыбританияның түкпір-түкпірінен Лондонға келген 130-дан астам қазақстандық студент қатысты.

Лондонда қазақстандық студенттер үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

Бакалавриат пен магистратураның соңғы курс студенттері үшін Лондон университеттік колледжінде "Job Fair 2020"  атты жыл сайынғы үшінші бос орындар жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Жәрмеңкеге Ұлыбританияның түкпір-түкпірінен Лондонға келген 130-дан астам қазақстандық студент қатысты. Олардың көбісі магистрлік бағдарлама бойынша оқитын "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлері болды. Жұмыс берушілер ретінде бос орындар жәрмеңкесіне "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "Астана" Халықаралық қаржы орталығының Үздіксіз кәсіби даму бюросы (АХҚО Бюросы), "BI Group" Холдингі, сондай-ақ "Shell Kazakhstan" энергетикалық компаниясы қатысты.

Ресми презентациялардан кейін іс-шараға қатысушылар жұмыс беруші компаниялардың өкілдерімен жеке танысып, сұрақтар қойып, кейстер шешуге қатысып, бос жұмыс орындарға орналасу үшін алдын ала әңгімелесуден өту мүмкіндігіне ие болды.

2021 жылы ҚР Ұлыбританиядағы елшілігі қазақстандық нарықта жұмыс істейтін ірі британдық компаниялардың қатысуымен кезекті бос орындар жәрмеңкесін өткізуді жоспарлап отыр. Бұл бастама қазақстандық офистерде жергілікті қызметкерлердің бөлігін арттыру бойынша міндеттемелерін орындауға бағытталған.

Бос орындар жәрмеңкесі – Елшілік жыл сайын ұйымдастыратын іс-шара. Онда Ұлыбританиядағы қазақстандық студенттер жетекші қазақстандық және халықаралық жұмыс беруші компаниялардың өкілдерімен тікелей қарым-қатынас жасауға мүмкіндік алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу