Лондонда көктен түскен мәйіттен бір адам мертіге жаздады

1113

Билетсіз ұшпақ болған жолаушы ұшақтың шасси бөлігіне жасырын жайғасқан.

Лондонда көктен түскен мәйіттен бір адам мертіге жаздады

BBC-дің хабарлауынша, адамның денесі Клэпэм ауданы тұрғынының ауласына құлаған. Бағында демалып жатқан оның жанына әуеден топ етіп түскен мәйіт туралы хабар жергілікті тұрғындардың жағасын ұстатты.

Оқиға орнына келген полицейлер мен дәрігерлер құлаған адамның сол бойда жан тапсырғанын анықтады. Қазір осы оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп, қаза тапқанның аты-жөні анықталып жатыр. 

Ресми дерекке сүйенсек, опат болған адам Kenya Airways компаниясына тиесілі ұшақтың доңғалағы бекітілетін құрылғының ішінен әуе көлігі қонарда құлаған. Жергілікті билік оны билетсіз жол жүрмек болған деп топшылап отыр. 

Кейінірек ұшақтың шасси бөлігінен марқұм болған жолаушының жолдорбасы табылды.

Айта кетсек, Найробиден Лондонға ұшу ұзақтығы 9 сағатқа жуық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу