Лондонның солтүстігіндегі бес қабатты көп пәтерлі үйлердің бірі өртеніп, бір адам қаза тапты, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Отты сөндіруге шамамен 10 машина мен 60-тан астам өрт сөндіруші жіберілді. Қазіргі уақытта тілсіз жау ауыздықталды. Өрт салдарынан ғимараттың екінші, үшінші және төртінші қабаттары айтарлықтай бүлінген. Полиция қызметкерлері өрттің шығу себептерін анықтап жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу