Лондонда Палестинаны қолдау үшін мыңдаған адам шеруге шығады

301

Бұл туралы Ұлыбританияның “Independent” басылымы хабарлайды. 

Лондонда Палестинаны қолдау үшін мыңдаған адам шеруге шығады Фото: freepik.com

Газа секторында атысты тез арада тоқтату туралы үндеуімен Палестинаны қолдау шеруі сенбі күні, 11 қарашада Лондонда өтеді, деп жазады inbusiness сайты Independent басылымына сілтеме жасап.

Бұл жолғы наразылық акциясы Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі әскери қимылдарын тоқтатқан Компьен бітіміне қол қойылған күн – қаза тапқандарды еске алу күнімен тұспа-тұс келіп тұр.

Алайда, Лондон полициясы премьер-министрдің, ішкі істер министрінің және Ұлыбританияның бірқатар саясаткерлерінің әскери ескерткіштерді қорлаудан және тәртіпсіздіктерден қорқатын шақыртуларына қарамастан шеруге тыйым салған жоқ.

Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, наразылық шарасы орталық соғыс ескерткіштерінен шалғай жерде өтеді және елде жалпыұлттық үнсіздік минуты жарияланғаннан соң, сағат 11:00-ден кейін басталады.

Шеру Гайд-парктен бастау алып, АҚШ елшілігінің жанында аяқталады. Наразылық шарасына 70 мыңнан астам адам қатысады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, бірқатар тым оңшыл топтар өз жақтастарын сенбі күні контрдемонстрацияға шығуға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу