Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында Палестинаны қолдаушылардың шеруі басталды. Мұндай шара осымен 4 мәрте өткізіліп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz BBC News-дің телеграмдағы парақшасына сілтеме жасап.
Телеарна тілшісінің хабарлауынша, ереуілге жүз мыңнан астам адам жиналған. Алдыңғы үш шеру салыстырмалы түрде бейбіт өткен болатын: 100-ге жуық адам қамауға алынды.
Ескере кететін жайт, Ұлыбританияда ХАМАС "террористік топ" деп танылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу