Лондонда таңертеңгі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша бір трой унциясының бағасы $1287,6 болды, деп хабарлайды kaztag.kz.
Өткен сауда күніндегі кешкі фиксингке қатысты трой унциясының доллармен есептегендегі құны 8,2-ге түсті.
Алтынның бір унциясының еуромен есептегендегі бағасы 1096,52 (-6,08), британ фунтымен есептегенде 999,82 (-6,11) болды.
Алтынның банкаралық фиксингі әр сауда күні Гринвич уақытымен 10:30-да және 15:00-де жүзеге асырылады. Фиксингтің нәтижесі бүкіл әлем бойынша алтын фьючерстерінің саудасы кезінде бағдар ретінде пайдаланылады. Бағаны қалыптастыруға өзара алтын жеткізетін 5 қаржы институты қатысады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу