Ұлыбритания астанасы Лондонды қою тұман басты. Салдарынан Гатвик пен Хитроу әуежайында жүздеген әуе рейсі кейінге шегеріліп, мыңдаған халық діттеген жеріне жете алмай отыр. Ал Лондон-Сити әуежайында 26 ұшақ қона алмай, өзге тұрақтарға жіберілді. Манчестер, Глазго, Белфаст қалаларындағы әуежайларда да жағдай мәз емес, деп жазады 24Хабар.
Ауа райының қолайсыздығынан көлік қозғалысы да қиындады. Жергілікті билік жүргізушілерді жолда абай болуға шақырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу