Лондонда наразылық шеруіне 100 мыңнан астам адам қатысты

124

Акция кезінде демонстранттардың полициямен қақтығыстары орын алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Лондонда наразылық шеруіне 100 мыңнан астам адам қатысты Фото: Синьхуа

Өткен сенбі күні Лондонның орталығында өткен заңсыз көші-қонға қарсы наразылық акциясына 100 мыңнан астам адам жиналды. Шараны ұлтшыл белсенді Стивен Яксли-Леннон (көпшілікке Томми Робинсон деген атпен белгілі) ұйымдастырды.

"Патшалықты біріктірейік" ұранымен өткен наразылық барысында полицияның елеулі күші жұмылдырылды. Көптеген адамдар тұтқындалғаны хабарланды.

Британ үкіметі заңсыз көші-қонға қатысты саясаты үшін барған сайын қысымға ұшырап отыр. Өткен демалыс күндері мыңнан астам мигрант шағын қайықтармен Ла-Маншты кесіп өтті. Соның нәтижесінде биыл Ұлыбританияға заңсыз келгендердің жалпы саны 30 мыңнан асты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу