Аспанда небәрі 32 секунд қалықтаған әуе кемесінде үндістандық ерлі-зайыпты дәрігерлер Пратик Джоши мен Коми Вьяс үш баласымен болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
M.economictimes.com басылымы отбасының ұшақта түскен соңғы суретінің әлеуметтік желіде кеңінен тарап кеткенін жазады.
Дәрігер Джоши Лондонда 6 жыл тұрған. Ал жұбайы, дәрігер Коми Вьяс – Удайпур қаласындағы беделді аурухананың бірінде қызмет еткен маман. Ол ұшақ апатына түсердің алдында екі күн бұрын ғана жұмысынан шығып, Лондонда жаңа өмір бастауға ниет еткен.
Марқұмның жақын досы News18 басылымына берген сұхбатында "Бүкіл қала қайғы жұтып отыр. Жүректері жылы, арманшыл жұп балаларына ең жақсыны беруге тырысатын" деп қайғырып, естелігін айтқан.
Үндістандағы ұшақ апатынан кейін Boeing акциялары құлдыраса, осыған дейін ұшақтың 11A орнында отырған жалғыз жолаушының аман қалғанын жазған едік.