Лондондағы митинг кезінде 90-ға жуық адам ұсталды

82

Кейбіреулер полиция талабына бағынбаған.

Лондондағы митинг кезінде 90-ға жуық адам ұсталды Фото: Анадолы агенттігі

Лондон орталығында тыйым салынған Palestine Action акциясы кезінде полиция 90-ға жуық адамды қамауға алды. Акция кезінде Тависток алаңында қатысушылар "Мен геноцидке қарсы — мен Palestine Action-ды қолдаймын" деген ұрандар жазылған картон ұстаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Metropolitan Police бұл жазуларды тыйым салынған ұйымды қолдау ретінде бағалап, адамдарды ұстап әкетті. 

Palestine Action Ұлыбританияда Израильдің әскери өнеркәсібімен байланысы бар кәсіпорындарға қарсы "тікелей әрекеттерімен" танылған. Маусым айында белсенділер Бриз-Нортон әскери базасына кіріп, әскери ұшақ қозғалтқыштарын қызыл бояумен бояғаннан кейін, шілдеде ұйымға ресми түрде тыйым салынған.

Тыйымға қарсы наразылықтар мен сот даулары жалғасуда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу