Лондондағы өрттен кейін із-түссіз жоғалғандар саны 41-ге жетті

1167

Лондондағы өрттен кейін із-түссіз жоғалғандар саны  41-ге жетті

Лондоннның батысындағы тұрғын үйде болған өрттен кейін із-түссіз жоғалған адамдар саны  41-ге жетті, деп хабарлайды РБК.

Полицияның соңғы ресми дерегі бойынша, өрттен 17 адам қаза тапқан. Ауруханада зардап шеккен 37 адам бар, олардың 17-сі ауыр жағдайда. Полияцияның мәліметінше, қаза болған 6 адамның кім екені анықталған. Ал кейбір құрбан болғандардың денесіне қарап тану мүмкін емес.

Еске салсақ, 13 маусым күні түнгі сағат 00.54 Лондондағы өрт сөндірушілер бригадасына тұрғын үй өртеніп жатқаны туралы хабар түскен. Өрт болған ғимарат – Солтүстік Кенсингтонның Латимер-роуд көшесінде орналасқан 24 қабатты Grenfell Tower тұрғын үй кешені. Жергілікті биліктің айтуынша өрт басталғанда ғимаратта 600-ге жуық адам болған. Көптеген адамдар терезелерден көмекке шақырғандарды байқағанын айтады.

Өрт сөндіруге 200 өрт сөндіру қызметі тартылған. 20-дан астам жедел жәрдем пәуескесі өрт шыққан ғимараттың қасына келген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу