Лондондағы ресейлік олигархтардың меншігі тәркіленуі мүмкін

1312

Ұлыбританияның Ресей компанияларына қарсы санкция салмақ.

Лондондағы ресейлік олигархтардың меншігі тәркіленуі мүмкін

Ұлыбритания Ресейге қарсы жаңа санкциядар пакетін енгізбек. Шектеулер ресейлік компаниялардың активтеріне әсері етуі мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz The Times басылымына сілтеме жасап.

Мәскеуге қарсы бағытталған шаралар пакеті 31 қаңтарда ресми түрде жарияланады. Бұл санкция бойынша, активтер тоқтатылып, Ресей билігі үшін "стратегиялық маңызы бар" жеке және заңды тұлғаларға Ұлыбританияға кіруге тыйым салынады. 

30 қаңтарда Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Лиз Трасс Лондон Лондондағы ресейлік олигархтардың меншігі тәркіленуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Батыс елдерінің БАҚ өкілдері мен билігі Ресей Украинаға басып кіруге дайындалып жатқанын бірнеше рет хабарлады. АҚШ пен Германия билігі Ресей Украинамен арадағы шекарасына 100 мыңнан астам әскериін орналастырды дәп мәлімдеді. Ресей НАТО әскерилерін Шығыс Еуропадан шығарылуын және Украинаның альянс құрамына ешқашан енгізілмеуін талап етті. Бірақ Вашингтон мен оның НАТО-дағы одақтастары Мәскеудің талабын орындамайтынын білдірді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу