Алматыдан Лондонға бет алған ұшақ Атырауға қонуға мәжбүр болды

401

Әуекомпаниясы мұның себебін дереу түсіндірді.

Алматыдан Лондонға бет алған ұшақ Атырауға қонуға мәжбүр болды Фото: wikiwand.com

"Air Astana" әуекомпаниясының Алматы-Лондон бағыты бойынша ұшқан ұшағы Атырау халықаралық әуежайына қонуға мәжбүр болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

 "Air Astana" компаниясының бүгінгі KC663 рейсі (Алматы–Лондон) қарсы желге байланысты жүктеме шектеулерінің алдын алу үшін Атырауға қосымша қонып, жанармай құйып алды", – деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 22 маусымда Жоламан аэродромы маңында жеке ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу