Лос-Анджелес мэрі мигранттарды тексеруді тоқтатуға шақырды

233

Лос-Анджелес мэрі Карен Басс федералды үкіметтің Ұлттық гвардия мен теңіз жаяу әскерлерін тарта отырып қалада тәртіпсіздіктерге қарсы іс-қимыл жүргізуін сынады, деп жазады inbusiness.kz сайты ТАСС басылымына сілтеме жасап.

Лос-Анджелес мэрі мигранттарды тексеруді тоқтатуға шақырды Фото: the-sun.com

Карен Басс Президент Дональд Трамптың Лос-Анджелеске әскер кіргізу туралы шешімін түсіндіріп өтті.

Оның айтуынша, Трамп әкімшілігі бастапқыда рейдтер тек қылмыскерлер мен қамауға алу туралы ордері бар адамдарға бағытталады деп мәлімдеген. Алайда іс жүзінде билік өкілдері адамдарды тікелей жұмыс орындарынан ұстап жатыр.

– Бізге нақты кімдердің қамауға алынатыны туралы ақпарат берілген жоқ. Меніңше, біздің қаланы тәжірибе үшін қолданып отыр,  деді Басс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу