АҚШ-та оқып жүрген қазақ жігіті көз жұмды

813

АҚШ-та оқып жүрген қазақ жігіті көз жұмды

Калифорнияның Лос-Анджелес университетінің (UCLA) қазақстандық студенті Даир Сағдиев Құрама Штаттарда қайтыс болды, деп хабарлайды Today.kz.

Оның қайтыс болғаны туралы оның танысы Әсет Шатеков айтты. Әзірге оның неден көз жұмғаны туралы толық мәлімет жоқ.

"Өкінішке қарай, UCLA студенті Даир Сағдиев қаза тапты. Даир биоинженерия факультетінің үздік студенті болған еді. Сонымен қатар талантты тарихшы және түрколог еді, бірнеше тілде еркін сөйлеп, француз тілінен тарихи кітаптарды аударатын", - деп жазды Facebook парақшасында Әсет Шатеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу