Лос-Анджелес округі өрт сөндіру бөлімінің бастығы Энтони Марроненің айтуынша, өрт кем дегенде 1000 құрылымды қиратты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Белгілі Hollywood жазбасы өртке оранды. Бұл Американың бүкіл киноиндустриясының бетбейнесіне айналған белгі екендігі белгілі.
АҚШ-тың федералды авиация басқармасы өрт аймағына ұшуға тыйым салды. Атап айтқанда, атақты Палисейдс ауданы мен Малибу жағажайында орналасқан Голливуд белесіне баруға рұқсат жоқ.
Соңғы деректерге қарағанда, өрт салдарынан Лос-Анджелесте бес адам қаза тапқан.
Өрт аумағында Камала Харристің резиденциясы, сондай-ақ Бен Аффлек, Том Хэнкс сынды актерлер мен әнші Рианнаның үйі қалғаны айтылуда.
Малибуда әнші Пэрис Хилтонға тиесілі үйлердің бірі толығымен өртеніп кетті.