Сыртқы істер министрлігі Лос-Анджелестегі қазақтарды сақ болуға шақырды

476

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Лос-Анджелестегі Қазақстан азаматтарын эвакуациялау қажеттігі жоғын айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сыртқы істер министрлігі Лос-Анджелестегі қазақтарды сақ болуға шақырды Фото: the-sun.com

Лос-Анджелесте жағдай бақылауда.

– Әуежайлар қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Бізге азаматтар тарапынан эвакуация туралы ешқандай өтініш түскен жоқ. Сондықтан, ешкімді эвакуациялау жоспарланбаған, – деді министрлік өкілі.

Сондай-ақ, Айбек Смадияров АҚШ-та ақпарат құралдарының тұрақты жұмыс істеп тұрғанын, сондықтан әрбір азамат өз қауіпсіздігін өзі бағалап, ақпаратты дер кезінде ала алатынын айтты.

– Біз әр адамға жеке бағыт-бағдар беретін нұсқаушы емеспіз. Шетелге жол жүріп бара жатқан әр азамат өз маршрутын, баратын елдегі ахуалды алдын ала зерттеуі қажет. Бұл – қауіпсіздік шарасының маңызды бөлігі, – деп қосты ол.

Айта кетейік, 6 маусым күні Калифорнияның оңтүстігінде жүргізілген иммиграциялық рейдтерден кейін Лос-Анджелесте жаппай наразылықтар басталды.

АҚШ билігі заңсыз иммиграциямен күрес шаралары аясында рейдтер жүргізген. Кей аудандарда халық пен иммиграциялық қызмет (ICE) арасында қақтығыстар орын алып, арнайы құралдар қолданылған.

8 маусымда АҚШ Президенті Дональд Трамп қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Лос-Анджелеске Ұлттық гвардия күштерін жіберді. Соңғы деректерге сәйкес, наразылықтар кезінде 56 адам ұсталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу