Елімізде лотерея қызметі туралы заңнамаға түзетулер әзірленді

424

Депутаттар осы пакетке кемінде 35 жаңа қатаңдататын түзетуді қамтитын толықтырулар дайындады.

Елімізде лотерея қызметі туралы заңнамаға түзетулер әзірленді Фото: Туризм жəне спорт министрлігі

Лотерея қызметі туралы заңнамаға түзетулер әзірленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атап айтқанда, ойын бизнесі және лотерея қызметі мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер пакетінде тұрғын үйлерде, жатақханаларда, діни, білім беру, медициналық және мәдени мекемелерде лотерея өнімдерін таратуға тыйым салу туралы норма қарастырылған.

"Жақын арада 55 түзету қарастырылған заң жобасы Парламенттің қарауына ұсынылатын болады", - деді ҚР туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, депутаттар осы пакетке кемінде 35 жаңа қатаңдататын түзетуді қамтитын толықтырулар дайындады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу