Лотерея операторына қатысы жоқ тұлғаларға лотерея ойнатуға болмайды

1190

Лотерея жарнамасына тыйым салынады.

Лотерея операторына қатысы жоқ тұлғаларға лотерея ойнатуға болмайды

Мәжілісте "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лотереялар және лотерея қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы мақұлданды.

Құжат бойынша алдағы уақытта 1 кодекске, 2 заңға өзгеріс пен толықтыру енгізіледі. 

Айта кетейік, заң жобасы 2020 жылғы 5 ақпанда мәжілістің жалпы отырысының бірінші оқылымында оң бағаланды. 

"Мәжіліс төрағасының тапсырмасы бойынша заң жобасын екінші оқылымға дайындау барысында депутаттар "Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексіне лотерея операторы болып табылмайтын тұлғаға лотерея өткізгені үшін айыппұл түрінде жауапкершілік енгізу бойынша және "Жарнама туралы" заңға лотерея операторы және лотерея операторымен шарт аясында лотерея таратушылар орналастыратын жарнаманы қоспағанда лотерея жарнамасына тыйым салу жөнінде түзету енгізілді. Бұдан басқа лотерея өткізудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында "Лотереялар және лотерея қызметі туралы" заңға тираждық коммисияның және лотерея таратушы агентінің міндеттерін көздейтін түзетулер енгізілді", – деді экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Әлия Сапарова.

Қанат Махамбет 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу