Лотереядан 19 миллион доллар ұтып алған жігіт банк тонаушысына айналған

975

Лотереядан 19 миллион доллар ұтып алған жігіт банк тонаушысына айналған

55 жастағы Джеймс Аллен Хейес 2017 жылы 11 қылмысқа күдікті деп танылды. Лотереядан 19 миллион доллар ұтып алған америкалық жігіт, 20 жыл өткеннен кейін банк тонаушысы болған. Бұл туралы КТК хабарлады.

Ол банк кассиріне өзінде пистолет барын ескертіп, ақша талап еткен. Осындай жолмен 40 мың доллар ақша ұрлаған.

Джеймс ұсталғанда ұрланған ақшаға алынған PT Cruiser көлігі де тәркіленді. 1998 жылы ол лотереядан 19 миллион доллар ұтып алған. Әйелімен ажырасқаннан кейін ақшаның жартысын оған бөліп берген. Ол өзінде қалған ақшаның көбіне есірткі сатып алған. Джеймс 2017 жылы қазанда гаражда тұрып жатқан жерінен ұсталды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу