Лоторея билеттерін қай мекемелерде сатуға болмайды?

217

Жаңа заңда лотереяны сатуға байланысты елеулі шектеулер бар. 

Лоторея билеттерін қай мекемелерде сатуға болмайды? Фото: Риа Новости

Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте лоторея билеттері қай жерде сатылмайтынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Енді лотерея операторының электронды өнімдері оның ресми интернет-ресурсында және мобильді қосымшасында ғана қолжетімді болады. Лотерея билеттері тұрғын үйлерде, мәдениет, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарында, діни мекемелерде, сондай-ақ мектептерден, университеттерден, ауруханалардан және емханалардан жүз метр радиуста сатылмайды", - деді министрлік өкілі.

Айта кету керек, осыған дейін 3,5 миллионға жуық қазақстандық бәс тіге алмайтынын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу