Көлік пен пәтер ойнататындарға күн туды. Бүгін Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Мәжіліске келіп Лоторея туралы заңды бірінші оқылымда таныстырды, деп хабарлайды Atameken Business.
Бұрын құжатта агенттер мен олардың заңбұзушылықтары мәселелері реттелмеген еді. Енді лоторея операторы болмаса да елден ақша жинап, табыс табатындар бірінші рет ескерту алып құтылады, ал екіншісінде 200-ден 500 АЕК-ке дейін айыппұл төлейді.
Былтыр заңсыз лоторея бойынша 320 қылмыстық іс қозғалып, 500-ден астам шағын құмар ойын орындары жабылып, 10 мың терминал мен ойын автоматы тәркіленген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу