Лотореяға тыйым салынуы мүмкін

1361

Лотореяға тыйым салынуы мүмкін

Түркияның дін істері жөніндегі басқарманың мұрындық болуымен аталған ел аумағында Milli Piyango лоторея билеттерін саудалауға қатысты тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды islam.kz.

Әдетте аталған елде Жаңа жыл қарсаңында лоторея билеттері ойнатылады. Түркия діни басқармасының жасаған мәлімдемесінде айтылғандай, лайықты болмаса да біреу жеңіп, біреу жеңіліс табатын барлық құмар ойын мұсылмандарға жат әдет. Оның үстіне, құмар ойыннан келетін шығынды айтпаған күннің өзінде бұл жат әдет талай шаңырақтың ортасына түсуіне, яғни, отбасы шырқының бұзылуына, талай баланың жетім, талай әйелдің жесір қалуына апарып соқтырады. Яғни, қоғамды іштен ірітетін жат әдетке тыйым салынуы мүмкін. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу