Лозанна-2020: Қазақстандық биатлоншылардың жекелей сындағы нәтижесі

916

Қазақстандық спортшылар жоғары нәтиже көрсете алмады.

Лозанна-2020: Қазақстандық биатлоншылардың жекелей сындағы нәтижесі

Лозаннадағы жасөспірімдер Олимпиадасында биатлоннан 10 шақырымға созылған қыздар арасындағы жекелей сын аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстандық спортшылар жоғары нәтиже көрсете алған жоқ. Жарыс қорытындысы бойынша Ульяна Ардалионова 65-ші, Арина Куприянова 67-ші, Влада Васильченко 73-орын алды. 

"Қалай айтарымды да білмеймін. Жүгіруден қиындық туған жоқ, ал ату жағына келгенде көп қателік жібердім. Бұдан біршама жақсы нәтиже тіркейтін мүмкіндігім бар еді. Шаңғыларым да жақсы сырғанады. Сондықтан, төмен көрсеткіштің себебін атудан мүлт кеткенімде дер едім. Жарыс жолы жақсы, аздап жел де әсер етті. Енді келесі бәсекеде жақсы нәтижеден үміттенеміз", – дейді Ардалионова. 

Бұл бәсекеде ресейлік Алена Мохова жеңіске жетті. Екінші орында франциялық Жанн Ришард, үшінші орында Беларусь өкілі Юлия Ковалевская. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу