Лозанна-2020: Қазақстандық хоккейші жарысты жеңіспен бастады

732

Швейцарияның Лозанна қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында аралас командалар арасындағы 3х3 форматындағы хоккей додасы басталды.

Лозанна-2020: Қазақстандық хоккейші жарысты жеңіспен бастады

Қазақстандық қақпашы Алексей Байдек сұр киімді команданың намысын қорғап, алғашқы ойында жеңіске жетті. Олар сары түсті команда ойыншыларын 9:8 есебімен ұтқан, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Алексей Байдек Катар, Мексика, Түркменстан, Жапония, Ресей, Испания, Корея, Словакия, Австрия, Болгария, Венгрия және Швеция спортшыларымен бір топта сынға түсуде. 

Айта кетелік, жасөспірімдер Олимпиадасында аралас командалық хоккей жарысы алғаш рет өткізіліп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу