LRT бойынша мемлекет алдындағы қарыз өтелді

138

Қайтарылған активтердің жалпы құны 920 млн теңгені құрайды.

LRT бойынша мемлекет алдындағы қарыз өтелді Фото: gov.kz

Астана прокуратурасы мемлекет, оның ішінде жалғыз құрылтайшысы Астана қаласының әкімдігі болып табылатын "City Transportation Systems" ЖШС-нің (бұрынғы "Astana LRT" Компаниясының) пайдасына қатысты сот актілерінің орындалуына талдау жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қадағалау шараларымен борышкерлер мемлекет балансына жалпы 40 жылжымайтын мүліктерді берді, оның ішінде:

  • 39 тұрғын емес үй-жай;
  • ауданы 12,8 га темір жолдары бар асфальт-бетон зауытының жылжымайтын мүлікке қызмет көрсетудің нысаналы мақсаты болып табылатын жер учаскесі.

"Қайтарылған активтердің жалпы құны 920 млн теңгені құрады. Мемлекеттің пайдасына құны 615 млн теңге тұратын тағы 37 мүлік нысаны өндірілуде", - делінген прокуратураның хабарламасында.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу