LRT-ға жылжымалы 2 құрам жеткізілді

345

Бұл туралы "City Transportation Systems" ЖШС баспасөз қызметі хабарлады.  

LRT-ға жылжымалы 2 құрам жеткізілді Фото: «City Transportation Systems» ЖШС

Жеңіл рельсті көлік желісін сынақтан өткізу бойынша жоспарлы іс-шаралар шеңберінде Астанаға тағы 2 жылжымалы құрам жеткізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

CTS компаниясының хабарлауынша, 17-18 қазан күндері құрамдар эстакадаға орнатылады. 17 қазанда бірінші құрам Қабанбай батыр даңғылы "Астана жұлдызы" стелласы маңындағы №104 және №105 станциялар арасындағы аралықта, ал 18 қазанда екінші құрам Ш. Қалдаяқов көшесі мен Тәуелсіздік даңғылының қиылысында, №113 (Министрліктер үйі) және №114 (Ұлттық музей) станциялар арасындағы аралықта қойылады.

"18 қазан күні сағат 00:00-ден 19 қазан сағат 06.00-ге дейін мамандандырылған техниканы пайдалана отырып, көтеру-монтаждау жұмыстарын орындауға байланысты Ш.Қалдаяқов көшесі мен Тәуелсіздік даңғылы қиылыстарында автокөліктердің қозғалысы уақытша шектеледі. Тұрғындар мен жол қозғалысына қатысушылардан уақытша шектеулерді ескеруді және сапарларды алдын ала жоспарлауды сұраймыз", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу