LRT ісі: Адвокаттар судьяға сенімсіздік танытты

1077

 Ал LRT ісі бойынша бірден бірнеше адвокат судьяға сенімсіздік танытты, деп хабарлайды  Atameken Business.    

LRT ісі: Адвокаттар судьяға сенімсіздік танытты

Олар сот әділ шешім қабылдайды дегенге күмәнмен қарайтындарын меңзеді.

Қостанай облысында жолдарға жауапты 6 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның екеуі ауыл әкім болса, қалғаны мердігер компаниялардың басшылары. Барлығына 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Себебі миллиардтаған қаржы жұмсалған жолдардың асфальты 2 жылға жетпей үгітіле бастаған.

Осыдан үш жыл бұрын мас күйінде көлік айдап, кісі өліміне себепші болған Өскеменнің экс-әкімін мемлекеттік қызметтен аластату қажет. Депутат Артур Платоновтың мәлімдеуінше, айыбын айыпппұлмен жуып-шайған Қуат Тұмабаев қазір сауда министрлігінде жұмыс істейді. Білдей бір департаментті басқарады.

Жанжалға қатысы бар тұлғаны Нұр-Отан партиясы мүшеліктен шығарып тастаған. Енді министр Бақыт Сұлтановқа да оны жұмыстан қуу туралы ұсыныс хат жолданды. Жалпы  өткен жылы пандемияны пайдаланып, бөлінген қаржыны қалтасына басқан 700-ден астам шенеунік қызметінен бостатылды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу