LRT ісі бойынша барлық айыпталушыға үкім шықты

499

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты "Астана LRT"  серіктестігінің Басқарма төрағасы Талғат Арданды жеті жылға бас бостандығынан айырды.  

LRT ісі бойынша барлық айыпталушыға үкім шықты Фото: 365Info

Ал, Астана қаласы әкімінің орынбасары болған Қанат Сұлтанбеков те осындай жазаға кесілді. Ол өмір бойына жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет атқару құқығынан шеттетілді. Жемқорлық бойынша кінәсі дәлелденген  тағы бес адам  жеті жылға  бас бостандығынан айырылды. 

Еске салайық, LRT ісі бойынша сот 2020 жылдың күзінде Астанада басталды. Айыпталушылардан  мемлекетке келген залал алты  миллиард теңгеге жуықтайды. Айта кетсек, қаржысы жымқырылып бірнеше жыл тоқтап тұрған LRT жобасы қазір қайта салына бастады. Астана әкімдігі оны 2 жыл ішінде аяқтаймыз деп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу