LRT-ға жұмысқа қабылдау басталды

346

Астанада Жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесінде оқыту және кейіннен жұмысқа орналастыру үшін бірқатар лауазым бойынша кадрлар қабылдау басталды.  

LRT-ға жұмысқа қабылдау басталды Фото: CTS

Оқу мерзімі – 4 айға дейін. Оқыту Астана қаласында Жұмыс берушінің есебінен жүргізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты CTS компаниясына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми түрде жұмысқа орналастыру көзделген. Оқыту кезеңінде 5 күндік жұмыс аптасы қарастырылған. Жұмысқа орналасқаннан кейін лауазымына байланысты бес күндік немесе ауысымдық жұмыс кестесі бар.

Компанияда мына салалар бойынша жұмыс ұсынып отыр.

Ғимараттар мен күзет аймағын күтіп ұстау қызметі:

  • ғимараттар мен қорғау аймағын күтіп ұстау менеджері;
  • күзетілетін аумақтың аға инспекторы;
  • ғимараттарды жөндеу шебері.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі:

  • техникалық жүйелер менеджері;
  • сапа менеджері;
  • өрт қауіпсіздігі жөніндегі менеджер.

Мүлікті басқару бөлімі:

  • қойма менеджері;
  • әкімшілік басқару менеджері;
  • қойма шаруашылығы технигі.

Кешенді басқару бөлімі:

  • бөлім басшысы;
  • кешенді және оқу басқармасының менеджері;
  • өндіріс менеджері;
  • экономика менеджері;
  • әкімшілік басқару менеджері;
  • әкімшілік-шаруашылық жөніндегі менеджер;
  • нысандар мен жабдықтарды басқару менеджері;
  • станция ауысымының басшысы;
  • станция кезекшісі;
  • қауіпсіздік менеджері;
  • сапа менеджері;
  • өндіріс диспетчері.

Жылжымалы құрамды жөндеу бөлімі:

  • өндіріс диспетчері;
  • техникалық тексеру және ағымдағы жөндеу слесары;
  • жоспарлы жөндеу слесары;
  • жабдықтарды жөндеу слесары.

Пойыз бригадалары бөлімі:

  • қозғалыс менеджері;
  • жол техникасының аға машинисі;
  • жол техникасының машинисі.

Басқару және байланыс жүйелері қызметі:

  • қауіпсіздік менеджері;
  • байланыс шебері;
  • дабыл жүйесі шебері;
  • дабыл жүйесі технигі.

Электрлік-механикалық қызмет:

  • жөндеу шебері;
  • жөндеу слесары.

Электрлік жөндеу қызметі:

  • энергетик;
  • электр монтері.

Жолдар мен құрылысжайларды пайдалану қызметі:

  • жол монтері (қараушы);
  • көпір желісі монтері.

"Кандидаттар жоғары немесе арнаулы орта білім (көлік, машина жасау, инженерлік немесе техникалық мамандықтар, электрлі техника немесе сабақтас бағыттар) болуы шарт. Сол сияқты тиісті мамандық бойынша 1 жылдан 3 жылға дейінгі жұмыс тәжірибесінің болуы қажет", – делінген хабарламада.

Түйіндемелер CTS-тің ресми сайты арқылы қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу