Астана әкімдігі LRT құрылысына байланысты тұрғындарға үндеу жасады

176

LRT құрылысын жүргізу жұмыстарына байланысты Ш.Қалдаяқов көшесіндегі жол қозғалысын ұйымдастыру уақытша өзгертіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.      

Астана әкімдігі LRT құрылысына байланысты тұрғындарға үндеу жасады Фото: gov.kz

10 сәуірден 25 сәуірге дейін – инженерлік желілерді қайта құру жұмыстарын жүргізуге байланысты Ш.Қалдаяқов көшесі бойынша, Тәуелсіздік даңғылынан Ж.Нәжімеденов көшесіне дейінгі учаскеде қозғалысты толық жабу жоспарлануда.

"10 сәуірден 10 маусымға дейін – LRT объектісі жолының жоғарғы құрылымының элементтерін төсеу үшін парапеттер мен бетон негізді құю жұмыстарын жүргізуге байланысты, Ж.Нәжімеденов көшесінен (И.Панфилов көшесі) Арыс көпірі бағытындағы қарсы қозғалыс жолағына шығатын екі жолаққа дейінгі қозғалыстар ішінара шектеледі және Сығанақ көшесі жағынан қозғалатын көлік үшін бұрылу жолағын сақтай отырып, Арыс көпірінен Ж.Нәжімеденов көшесі (И.Панфилов көшесі) бағытында бір жолаққа дейін қысқарту жүргізіледі. Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз және келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!", – делінген әкімдік таратқан хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу