"LRT жұмысы міне, қыркүйек айында басталады. Бірінші транш бюджеттен 20 млрд теңге бөлінді. Бірақ ол жеткіліксіз. Себебі егер тұтастай алатын болсақ, қазіргі уақытта 1 млрд АҚШ долларына жуық қаражат жұмсалды. Оның міндеттемелері бар. Себебі Қытаймен келісімшарттарға қол қойылған. Ол жерде мемлекеттің өзінің міндеті бар. Егер біз келісімшартты бұзатын болсақ, онда арбитражда соттасып, біз ұтылып қаламыз", – деді Алтай Көлгінов парламент кулуарында.
Әкімнің айтуынша, Қытай тарапы өз міндеттемелерін атқарып жатыр. Қаражат тоқтатылғаннан кейін жұмыс та алға баспаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу