LRT құрылысын аяқтау үшін тағы 150 млрд теңге керек

321

Аспалы жолды салуға келесі жылы тағы 45 млрд теңге қарастырылады.

LRT құрылысын аяқтау үшін тағы 150 млрд теңге керек Фото: Радмир Фахрутдинов / Liter.kz

LRT құрылысын аяқтау үшін тағы 150 млрд теңге керек. Жүрісі жеңіл болғанмен, жолы ауыр жобаны аяқтауға қаражат жетпей жатқан көрінеді. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Биыл LRT құрылысына 52 млрд теңге бөлінген. Аспалы жолды салуға келесі жылы тағы 45 млрд теңге қарастырылады.

Айта кетсек, ЛРТ-ның жалпы ұзындығы 22,4 шақырым. Жеңіл рельсті трамвай желісі бұл жолы сәтті аяқталса, бас қаладағы әуежай мен "Нұрлы жол" теміржол вокзалын байланыстырмақ. Бұл іске қытайлық компания тартылған.

– Келесі жылы құрылыс-монтаждау жұмыстарын жалғастыру үшін шамамен 45 млрд теңге бюджеттік қаражатты талқылап жатырмыз. Қазір 1500 адам жұмыс істеп жатыр. Жұмыс көлемі арта түссе, құрылыс-монтаж жұмыстарын жеделдете алса, қосымша 150 миллиард теңге сұраймыз. Бірақ нысан 2025 жылы аяқталады деп жоспарланған, – деді ҚР көлік министрі Марат Қарабаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу