LRT құрылысына бөлінген қаржы Астана әкімдігіне сәуір айында түседі

Биыл LRT құрылысын жалғастыруға 50 млрд теңге бағытталады.  

LRT құрылысына бөлінген қаржы Астана әкімдігіне сәуір айында түседі Фото: zakon.kz

Үкімет кулуарында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев елордадағы LRT құрылысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"LRT аяқталады, биыл да тиісті қаражат қарастырылған. Биыл қателеспесем, LRT құрылысын жалғастыру үшін оператор ретінде 50 млрд теңге бөлеміз.  Қазір бұл құрылысты қала әкімдігімен талқыладық.  Ең алдымен жұмыс әуежай жағынан басталады.  Яғни, жұмыс сонда жалғасады. Ал қаражаттың бір бөлігі вагондарды сатып алуды аванс ретінде төленеді", - деді министр.

Бұл қаражат республикалық бюджет комиссиясының отырысында бөлінді, - деп қосты министр.

"Өздеріңіз білетіндей, бұдан кейін Парламентке келу керек, содан кейін қол қою сатысы. Менің ойымша, қазір ақпан айы болса, сәуірге дейін қаражатты әкімдікке аударамыз деп ойлаймын", - деп түйіндеді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу