LRT құрылысына Halyk Bank пен "Бәйтеректен" қарыз алынады

875

Алтай Көлгінов елордадағы жеңіл рельсті көлік құрылысына қатысты сұрақтарға жауап берді.

LRT құрылысына Halyk Bank пен "Бәйтеректен"  қарыз алынады Фото: sputniknews.kz

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордадағы жеңіл рельсті (LRT) көліктің құрылысына қатысты өзекті сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"LRT бойынша: барлық нормативті-құқықтық құжаттар үкіметтік және жергілікті атқарушы органдар деңгейінде қабылданды. Қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктер тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр", – деді қала басшысы үкімет отырысынан кейін тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Ол өз сөзінде қытайлық инвестициядан бас тарту туралы шешім қабылданғанын еске салды.

"Бұдан бұрын айтқанымыздай, біз қытайлық қарыздан бас тартып, 800 млн АҚШ долларын үнемдеп қалдық. Біз "Халық банкпен" 3 пайыздық қарызбен 500 млн (АҚШ доллары), сондай-ақ, 100 млн (АҚШ доллары) бойынша "Бәйтерек" холдингімен келістік. Бұл қаражат жұмысты бастап кетуге жеткілікті", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу