LRT вагондарының іші-сырты қалай болатыны белгілі болды

240

LRT жылжымалы құрамдары тәулігіне 25 мың жолаушыны тасымалдайды деп жоспарланған. 

LRT вагондарының іші-сырты қалай болатыны белгілі болды Фото: City Transportation Systems

LRT вагондарының алюминий қорытпасынан жасалған корпус элементтерін дайындау және дәнекерлеу жұмыстары басталды. Бұл туралы елорданың "City Transportation Systems" ЖШС баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алғашқы жылжымалы вагондар мамыр айының соңына дейін дайын болады, қыркүйекте алғашқы пойыздар жеткізіліп, сынақтан өткізіледі. Қытайдың Таншань қаласында елордада салынып жатқан LRT алғашқы жылжымалы құрамдарын құрастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

«City Transportation Systems» ЖШС

– Тестілік пайдалану немесе тестілік іске қосу – пайдалануға берудің маңызды кезеңі. Бұл кезеңде барлық инфрақұрылым элементтері, жылжымалы құрам және барлық жабдық тексеріледі, соның ішінде рельстердің бүтіндігі, электрмен жабдықтау жүйесі, телекоммуникация жүйелері толық зерттеледі. Сынақтар барысында үлкен көлемде деректер жиналып, талданады, оның нәтижесі бойынша LRT жүйесін пайдалануға беру туралы шешім қабылданады. Алғашқы тестілік іске қосу осы жылдың қыркүйек айына жоспарланған, бұл сынақтар бірнеше айға созылады,  деп түсіндірді "City Transportation Systems" ЖШС басқарушы директоры Орынбасар Ағыбаев.

Жолаушылар легін талдау деректері бойынша LRT жылжымалы құрамдары тәулігіне 25 мың жолаушыны тасымалдайды деп жоспарланған. 

вагон

"Астана климатының ерекшелігін ескере келе, алдыңғы терезесі температураны реттейтін электрлі жылыту жүйесімен жабдықталған. Бұл кенеттен болатын температура өзгерістерінде әйнектің булануының алдын алады. Кондиционер қондырғысының қуаты 35 кВт (салқындату қуаты)",  делінген хабарламада.

Автоматтандырудың жоғары деңгейі және сыйымдылығы

вагон

Ұзындығы 60 метрлік жылжымалы құрамдар GOA 4 деңгейіндегі автоматтандырылған бағдарламалық-аппараттық кешенмен жабдықталады, ол келесі функцияларды қамтамасыз етеді:

• есіктерді автоматты түрде ашу және жабу;

• тоқтау және жылдамдату;

• депоға кіру және шығу;

• құрамдардың жағдайын бақылау;

• пойыздар арасындағы қашықтықты реттеу;

• оператордың (машинис) қатысуынсыз басқа функцияларды орындау.

Төрт секциялы құрамдар толық жүктелгенде (6 адам/шаршы метр) 600-ден астам жолаушыны сыйдыра алады.

Жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігі

Салондарда беріктігі жоғары материалдар, соның ішінде органосиликатты былғары және шыны талшықты композит қолданылады, бұл жолаушыларға жайлылықты арттырады.  

вагон

Шуды азайту үшін келесі технологиялар қолданылады:

• қалыңдатылған терезелер және шуды бәсеңдету элементтері;

• диаметрі үлкейтілген дөңгелектер.

Құрамдар заманауи ақпараттандыру жүйелермен жабдықталады:

• сыртқы және ішкі электронды таблолар;

• LCD-мониторлар, олар қозғалыс бағытын, соңғы және келесі станцияларды, есіктердің ашылу жағын және шұғыл ақпаратты көрсетеді.

Техникалық сипаттамалары және жеткізу мерзімі:

• Қуаты – 1 722 кВт;

• Ең жоғары жылдамдық – 80 км/сағ;

• Толық автоматтандыру және операторлардың тұрақты бақылауымен жүргізілетін пилотсыз басқару жүйесі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу