LRT мәселесін шешуге отандық және шетелдік сәулетшілер шақырылады

1368

"LRT елдің беделіне нұқсан келтіретін маңызды проблемаға айналды. Ол бастапқыда сыбайлас жемқорлықтың иісі шығып тұрған қате дүние болды". Бұл туралы Парламент мәжілісінің жалпы отырысына қатысқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

LRT мәселесін шешуге отандық және шетелдік сәулетшілер шақырылады

Оның айтуынша мәселені шешу үшін отандық және шетелдік сәулетшілерді шақырудан басқа амалымыз жоқ.

Айта кетейік, Қазақстандағы алғашқы жеңіл рельсті транспорт жүйесі астананың сол жағалауынан әуежай және темір жол вокзалына дейін жолаушылар тасымалдауы тиіс болған. Құрылыс ресми түрде 2017 жылы мамыр айында басталған. Жобаға салынған ақшаны алған "Астана банкі" 2018 жылы лицензиясынан айырылды. Нәтижесінде көлік жүйесі құрылысына бөлінген шамамен 258 млн доллар бұғатталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу