LRT мен Water Garden: Алматыда ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр

340

Алматының Алатау ауданында мектептер, LRT және жаңа зауыт салынып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

LRT мен Water Garden: Алматыда ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Алатау ауданындағы бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобаның іске асу барысын тексерді. Ауданда тұрғындарға арналған әлеуметтік нысандар, көлік инфрақұрылымы және өндірістік кешендер бой көтеріп жатыр.

"Батыс қақпа" полиорталығында шамамен 298 гектар аумақта жолдар мен инженерлік желілер тартылып, әлеуметтік нысандардың құрылысы жүргізілуде. Келесі оқу жылына дейін мұнда екі мектепті пайдалануға беру жоспарланған. Бұдан бөлек, бір ауысымда 500 адамды қабылдайтын емхана, бес балабақша және 14 гектар аумақты қамтитын саябақ салынбақ.

Алматыдағы тағы бір ірі жоба – Almaty Water Garden кешенінің құрылысы. Океанариум, су арнасы және жағалаудағы серуен аймағын қамтитын нысанның құрылыс жұмыстарының 55%-ы аяқталған.

Сонымен қатар LRT желісінің бірінші бағытын салу жұмыстары жалғасып жатыр.

Ал Индустриялық аймақта тәулігіне 2 мың тоннаға дейін қалдық өңдеп, 60 МВт-қа дейін электр энергиясын өндіретін зауыт салу жобасы іске асырылып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу