ЛРТ-нің бір құрамы бір мезетте 650 жолаушы тасымалдай алады, деп жазады inbusiness.kz сайты "Қазақпаратқа" сілтеме жасап.
Бір құрамға 4 вагон тіркелген. Осы 19 құрамның 15-і күнделікті желіге шығып, халыққа қызмет көрсетсе, қалған төртеуі резервте тұрады.
– Құрамдардың арасындағы қозғалыс интервалы 5-10 минут шамасында жоспарланды. Стансалар арасындағы болжамды жүру уақыты 1,5 минуттан 3 минутқа дейін, – деп жазылған агенттік сауалына жолданған ресми жауапта.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу