LRT-нің екінші кезеңі жобаланып жатыр

983

Жобаның тағдырын мемлекеттік сараптама шешеді.

LRT-нің екінші кезеңі жобаланып жатыр Фото: Владислав Воднев

Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Ұранхаев жеңіл рельсті аспалы трамвай құрылысының екінші кезеңін бастауға құжат дайындалып жатқанын айтты.

"LRT-ге қатысты айтсақ, тапсырыс беруші – сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы. Жобаның екінші кезеңі бойынша техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалып жатыр. Бәрі дайындалған соң түсінікті болады. Егер мемлекеттік сараптама бас тартпаса, жоба тиімсіз демесе, құрылыс жалғасады. Менің білуімше, техникалық-экономикалық құжатта мемлекеттік сараптамадан 45 жұмыс күнінің ішінде өтуге тиіс. Бірақ ол құжаттама әлі дайындалып жатқанын ескеру керек. Ал мемлекеттік сараптама жобаның екінші кезеңін іске асыру қаншалықты өміршең екенін анықтайды", – деді  Нұрлан Ұранхаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу