LRT-ны бизнес-жоба ретінде қарастырмау керек

668

Елорда әкімі Алтай Көлгінов LRT жобасы пайда әкелмейтіндігін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

LRT-ны бизнес-жоба ретінде қарастырмау керек

"Көп қаражат жұмсалды. Жоба аяқталмады. Бұл жоба пайда әкелмейтіндігін атап өту керек. LRT-ға кеткен қаражат пен оның салдарынан туындаған мәселені ескере отырып, жобаның құрылысын аяқтап, қоғамдық көлік ретінде іске қосқан орынды. Яғни бизнес жоба ретінде мұны қарастырмау керек. Экономикалық тұрғыдан пайда болмайды", – деп айтты Алтай Көлгінов.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі аталмыш жобаның міндеттемелеріне сәйкес қарызды 5 жыл ішінде қайтару керектігін де атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу