LRT-ның бұрынғы басшысы мен акционері жауап алуға сол күйі келмеген

493

19 қыркүйекте қылмыстық іс сотқа жолданды.

LRT-ның бұрынғы басшысы мен акционері жауап алуға сол күйі келмеген Фото: inbusiness.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Astana LRT" компаниясының экс-басшысы Талғат Ардан мен экс-акционер Олжас Тоқтаровқа қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Бұл туралы брифингте ведомствоның ресми өкілі Данияр Бегайдаров мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Тергеу барысында сотқа дейінгі тергеу органы ҚІЖК-нің 208-бабының 1-бөлігіне сәйкес аталған тұлғаларды жауап алуға шақыру жөнінде шаралар қабылдады. Антикор күдіктілердің елден тыс жерде болуына және келуден жалтаруына байланысты 205-баптың 3-бөлігін басшылыққа ала отырып, күдіктілерді БАҚ арқылы шақырды. Бірақ та олар жауап алуға келген жоқ", - деді Бегайдаров.

Оның мәліметінше, тергеу нәтижесінде жиналған ауыр қылмыстың дәлелдері аталған тұлғалардың іс-әрекеттерін сырттай саралауға мүмкіндік берді.

Антикордың ресми өкілі қазір қылмыстық іс материалдарымен танысу жүріп жатқанын, 19 қыркүйек күні қылмыстық іс сотқа жолданғанын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу